203

Компаниялардың күмәнді ісі

Жаңалықтар Экономика Қоғам Құқық

Atr.kz/11 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының прокуратурасы үлестік тұрғын үйлер құрылысына мониторинг жүргізді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның талаптарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үш тәсілмен (кепілдік беру қоры, банк немесе әкімдіктің рұқсаты арқылы) ұйымдастырылады. Өзге әдістер арқылы жеке және заңды тұлғалардың ақшасын пайдалануға тыйым салынған. Облыс прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдоловтың айтуынша, мониторинг барысында Атырау қаласы аумағында заңсыз әрекет еткен үш құрылыс компаниясы анықталды.

Олар бұқаралық ақпарат құралдарына заңсыз жарнама жариялау арқылы жеке және заңды тұлғалардың ақшасын рұқсатсыз тартқан. Мәселен, Атырау қаласында «Victory park» тұрғын үй кешенін салып жатқан «Bastau Construction» ЖШС-нің заңсыз әрекеті әшкереленді. Сондай-ақ, «Real Estate Капитал» ЖШС мен «Orkali» ЖШС-нің көппәтерлі тұрғын үй үлескерлерінің құқығы дау тудыруы мүмкін. Аталған мекемелерге қатысты прокуратура Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті бабына сәйкес, әкімшілік іс қозғады.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1,7 млн. теңге көлемінде айыппұл салды. Осы орайда прокуратура қызметкерлері облыс тұрғындарына, күмәнді мекемелерден пәтер сатып алмауды ескертеді. Себебі, ондай жағдайда азаматтың тұрғын үйді иелену немесе пайдалану құқықтарына кепілдік бермейді. «Үлескерлердің құқықтарын қорғау басты назарда тұр» дейді прокурорлар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған