2020100712513714103 2020100712451673843 dtp 1

Көлік аялдамаға соғылып, быт-шытын шығарды

Жаңалықтар

Atr.kz/7 қазан, 2020 жыл. Оралда Lada Priora көлігі аялдамаға соғылып, тас-талқан етті. Жол апаты 6 қазанда сағат 23.04-те Гагарин көшесінде болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат салдарынан екі адам әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

– Lada Priora көлігі бар жылдамдықпен келіп, аялдамаға соғылып, оны тасталқан етті. Көлікті тізгіндеген 31 жастағы ер адам және оның жанындағы 30 жастағы жолаушысы жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бақытымызға орай, басқа құрбандар жоқ. Орал қалалық полиция бөлімінің тергеу-жедел тобы оқиға орнында жұмыс істеді, – деді БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков «Мой город» басылымына.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған