Әкім жастарды қолдайды

Басты жаналык2 Жаңалықтар

Атырауда жастарға арналған 220 пәтерлік тұрғын үй салынуда. Олардың 120 пәтері биылғы жылдың наурызында аяқталады деп жоспарланған. Ал, қалған 100 пәтерлі үйдің құрылысы енді басталды.

%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%82%d1%8b-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d0%ba2

«Жас Отау» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан бұл үйлер жас отбасыларға арналған. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаев әкімдікте өткен кезекті жиналыста айтты.

Дегенмен, аймақ басшысы бұл пәтерлердің аздық ететінін, жастарға деген қолдауды барынша үдету қажет екенін  алға қойды.

«Биыл тапсырылайын деп отырған 120 пәтердің әрқайсысына 10 адамнан келіп отыр. Үй алып, үй болуға мұқтаж адамдар көп. Олардың бәріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Солардың ішінде жастарға да арнайы көңіл бөлуіміз керек. Себебі, жастар – қоғамның локомотиві. Қазір бұл жобаны іске асыруға Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы ниет білдіріп отыр», – деді Н.Ноғаев.

Облыс әкімі жастарды, біреуден көмек күтпей, аянбай еңбек ете білуге шақырды.

Айта кетелік, былтыр Аты-рауда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 41 жас маман бюджеттік несиеге қол жеткізіп, 113-і көтерме жәрдемақы алған. Сонымен қатар, 298 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 27 жас кәсіпкердің алған несиелері субсидияланып,  23 кәсіпкердің несиесі кепілдендірілді.

Биыл Атырауда «Жастар сарайының» құрылысын салу жоспарланған.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз