Әкесі кәмелетке толмаған балаларын анасымен кездестірмеген

1 51 Жаңалықтар

Атырауда кәмелетке толмаған балалардың әкесі, олардың анасымен араласуына кедергі келтірген. Осы орайда, талап қоюшы А.А. жауапкер С.М.-ға кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген.

1

Талап арызда ол жолдасымен ажырасқанын және жауапкермен ортақ некеден  2002 және 2007 жылғы кәмелет жасына толмаған екі баласының бар екенін көрсеткен.

Қазіргі уақытта балаларының біреуі әкесімен тұрады. Алайда бұрынғы жолдасы анасына баласымен кездесіп, араласуға кедергі келтірген.

Осыған байланысты, анасы кәмелетке толмаған балаларының тұрғылықты жерін өзіне заңды анықтап беруді сұраған.

Сотта жауапкер талап арыздың қанағаттандырылуына қарсылық білдірмеді.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен А.А.-ның талап арызы қанағаттандырылды. Кәмелетке жасына толмаған екі бала анасының қамқорлығына берілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Айдос Қарабала

Фото orazvode.com сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз