Кеден Одағының техникалық регламент талаптарын сақтамағандардан 2 млн.теңге айыппұл өндірілген

IMG 5703 Жаңалықтар

Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жергілікті кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Кеден Одағының техникалық регламент талаптарын бақылаудағы кейбір мәселелер туралы» семинар өткізді.

IMG_5703

Жиынға «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы өкілдері мен ірі жеткізушілер және сауда саласындағы кәсіпкерлер қатысты. Шара барысында бизнес өкілдеріне Кеден Одағы техникалық регламенттерінің талаптары түсіндірілді.

2017 жылдың тоғыз айы ішінде бекітілген жоспар негізінде, өнімдерді сатып алуға бөлінген 2 900 000 теңге қаражатқа, 332 сауда нысанынан 1806 өнім түрі сатып алынып, сараптамаға жолданған. Нәтижесінде, олардың 543-і (30%) Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес еместігі анықталған. Сондай-ақ, қауіпті ауытқушылықтарға байланысты 9 айда 41 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, қорытындысымен заңдылықты сақтамағандарға 2 377 905 теңге мөлшерінде 30 айыппұл салыныпты. Осы орайда, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары А.Жұмағалиев, кәсіпкерлерге жауапкершіліктері туралы айтып берді.

IMG_5702

«Мәселен, қойылған талаптарды сақтамау фактілері тіркелсе, әкімшілік Кодексіне байланысты біздің тарапымыздан заңды немесе жеке тұлғаға айыппұл салынады. Кеткен кемшіліктерді жою жөнінде санитарлық ұйғарым беріледі. Егер оны орындамаса, сотқа жіберіледі»,-деп ескерту айтты.

Семинар – кеңес кезінде қатысушылар арасында Кеден Одағының техникалық регламент талаптарын білу деңгейін анықтау мақсатында ситуациялық сұрақтар негізінде сауалнама жүргізілді. Белсенді қатысқандарға салалық департаменттің Алғыс хаты табысталды.

Гүлдана Жамбозова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз