ҚАЖЫЛЫҚ ҚАДАМДАРЫ

Биылелімізденқажылықсапарына 4400 адаматтанады. Ал, Атырау облысынан     80-ге жуық адам   бармақшы. Облыстық «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұров қажылыққа баруға ниет еткен бір топ жерлесімізге бата беріп, дұға-тілек етті.

 

Қажылық ғибадатын өтеу – Алланың ұлы нығметі. 70 жылдық кеңестік билік тұсында бұрынғы КСРО-дан бар-жоғы 20 адам ғана Меккеге қажылыққа барған. Ал, бүгінгі күні қажылыққа барушылардың саны жыл сайын артып келеді. Бұл жөнінде облыстың Бас имамы баса айтты.

«Қажылық сапары сауда-саттық немесе туристік сапар емес, өзіндік ерекшелігі бар ғибадат жолы, сондықтан да әр мұсылманнан тиісті дайындықты, оны орындаудың өзіндік ерекшеліктері жайлы мағлұматты білуді талап етеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Алланың ризашылығы үшін қажылық жасаса, жаман сөзден, жаман қылықтардан, күнәлардан сақтанса анасынан туылғандай пәк болып қайтады» деген. Қажылықтың әр минутын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізудің сауабы мол. Осы сапарда елімізге амандық, жерімізге тыныштық, дініміздің жанашыры Елбасына, дін қамында жүрген азаматтарға есендік, дендеріне саулық тілесек абзал болады. Алла тағала сапарларыңызды оңды етіп, елімізге аман-сау оралуларыңызды тілеймін», – деді Батыржан Берденұлы.

Бүгінде Қазақстаннан қажылыққа барушыларға Сауд Арабиясы жыл сайын бес мың адамға квота бөледі. Ол елдің әр түкпіріне жеті туристік агенттік арқылы таратылады. Бүгінге дейін облыс бойынша 2000-ның үстінде адам қажылыққа барып қайтқан. Соның ішінде жастардың қажылыққа баруға ынтасы артып келеді. Биыл аттанатын 80 мың адамның 70 пайызын жастар құрайды. Ең үлкені – сексеннен асқан қариялар. Бұл жөнінде облыстық қажылар қоғамдастығының төрағасы Дүйсехан қажы Кемелов айтып берді.

Қажылыққа  аттанушылар  бүгін, қыркүйек айының 16-сынан бастап сапарға шықпақ.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз