«Қазақстан таланттары» конкурсында атыраулық өнерпаздар топ жарды

14f533ac ec37 4725 bb62 a771bb2a656d Жаңалықтар

Atr.kz/ 27 наурыз, 2019 жыл. Ақтау қаласында өткен халықаралық «Қазақстан таланттары» атты конкурста Атырау қаласындағы Оқушылар орталығының  бишілер тобы жүлдемен оралды.

100ecc3d e74b 4279 960c f07047a725e4

Әлемнің бірқатар елінен қатысушылар бақ сынаған өнер байқауында атыраулық үш-жеті жас аралығындағы «Арман-ай», бес-сегіз жастағы өнерпаздардан құралған «Әсем-ай», сегіз-он екі жастағыларды қамтитын «Еркетай» би ансамбльдері  бірінші орынды жеңіп алды. Олар «Қуаныш» атты қазақ биі, «Ладошка», «Ягодка малина» билерін нақышына келтіре орындап, көпшілікті сүйсіндірді. Ал, жеке дара өнер көрсеткен Ақбілек Қамысбекова  «Айгөлек» биімен екінші орынға ие болды.

15232fff 7315 418a 965c 94a81aebc8c7

Кішкентай өнерпаздардың бұған дейінгі жеткен жетістіктері де аз емес. «Биыл Алматы қаласында ұйымдастырылған «Бейбітшілік әлемі», «Күн шуағы» атты республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, бас жүлдемен оралдық. Біздің бишілер қалалық, облыстық деңгейде өткен сайыстарда да талай мәрте топ жарып жүр. Бұл ретте осы өнер жолын таңдап келген кішкентай өнерпаздарға бидің құдіретін ұғындырып, таланттылардың қанатын қатайту бағытындағы жұмыстар жалғаса береді» деді оқушылар орталығының би үйірмесінің жетекшісі Жанат Тілеуғалиқызы.

22882373 7e5d 42a0 9783 6298763d6747
f2f6afe9 7514 4e19 b8e8 f9e95b2323a7
f9405ba9 93de 4b90 915a 18ad4194941a
IMG 20190327 WA0038

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз