Жарнама
Жаңалықтар

«Kazakh Tazy» көрмесі көптің қызығушылығын тудырды

Оңтүстік астанада Республика күніне орай Қазақы тызысына арналған көрмесі өтті. Көрмені Қазақстан кинолгтар Одағы ұйымдастырды.

img 8148

Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен 60-тан аса қазақ тазысы қатысты.

Бағдарлама стандартқа сай тұқымдық бағалауға бағытталды: стандарт бөлімдері бойынша экстерьерді сараптау, салыстырмалы рингтер және финалдық орналастыру жүргізілді.

img 8146

Сараптаманы аңшылық тұқымдар бойынша тәжірибесі бар ұлттық және халықаралық санаттағы судьялар өткізді.

Рингтерге барлық сыныптар — күшіктерден ардагерлерге дейін — қатысты.

img 8147

Күн қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Көрме нәтижелері:

  1. Тұқымның ең үздігі: «Перизат из страны Беловодье»
  2. Үздік арлан: Хан
  3. Үздік юниор: Найза
  4. Үздік күшік: Күміс

Монотұқымдық көрме — жай ғана сұлулық шоуы емес. Мұндай іс-шаралар қазақ тазысының сақталуына және асылдыруына, породалық, сондай-ақ жауапты асырау мәдениетін көтеруге бағытталған.

Бұл — иттерді сәйкестендіру, шығу тегі бойынша есеп жүргізу, жұптастырулар мен күшіктерді тіркеу, денсаулықты бақылау және көрме рингтерінде тұрақты сараптама жасау.

Айта кетерлігі, қазақтың дәстүрлі бұйымдарымен әсем безендірілген ұлттық киіз үй қазақы тәсілмен бірге отбасы суреттері үшін жылы да жайлы орынға айналды, қонақтар естелікке қуана суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

Суреттер: baq.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button