Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділікке қатысты: Бірінші қазақ тілі болуы керек

3307508 Жаңалықтар

Atr.kz/ 27 наурыз, 2019 жыл. Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылау барысында білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Бұл туралы бүгін ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.

«Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек», – деді Қазақстан Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев.


Дереккөз: «Холаньюс»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз