Жарнама
Жаңалықтар

«Каспийді сақтайық!» -Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

Каспий теңізі — жойылып кету қаупінде тұр. Су айдыныжылдам тайызданып барады, бұл — тек бір елдің ғана мәселесі емес, миллиондаған адамның өмір салтына әсер ететін жаһандықэкологиялық қауіп. Бұл жағдайды тек бірлескен күш-жігерарқылы ғана түзетуге болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атапөткендей, сөз — аймақтық мәселе туралы ғана емес, бұл — халықаралық қоғамдастық үшін дабыл қағарлық жағдай. Оны еңсеру үшін жүйелі қадамдар, үйлестірілген шешімдер мен үкімет басшылары мен салалық бөлімдер деңгейінде нақтышаралар қажет.

748d96b0 ab79 406d 89a4 81c3413dbf73

Жаңа адамдар, азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде бұлжағдайға бейжай қарай алмайды. Каспийдің тағдыры — біздіңсаналы әрекеттеріміздің, өзімізге деген құрметіміздің және адам болып қалу қабілетіміздің айнасы.

Каспийдің жағалауында, Ақтауда, жүздеген дауылпаз үні естілді, бұл — теңіз тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайтынына назар аударту тәсілі. Қатысушылар Каспий теңізін қорғау жәнеқалпына келтіру үшін күш біріктіруге шақырды.

8f09bcec 5b59 4c9f 898b 518e7732e260

Белсенділер көкке ұзындығы 22 метрлік «Каспийді сақтайық» деген жазуы бар алып батпырауықты көтерді. Бұл — келерұрпаққа және өздеріне берілген уәде.

Қозғалыс Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Иран және Түрікменстан халқына және саясаткерлерге, бизнес өкілдеріне, корпорацияларға, қорларға үндеу жасады.

«Сөз тек табиғат жайында емес — ертеңіміз үшін бүгін өмірсүруді таңдайтын шынайылық туралы.  Каспийді сақтау — өзімізді және мақтанышымызды сақтау», — дейді Жаңа адамдарқозғалысының өкілдері.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button