KASE: Доллар бағамы арзандады

20190415112114 Жаңалықтар

Atr.kz/ 15 сәуір, 2019 жыл. Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға – 379,47 теңге болды.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,16 теңгеге арзандаған. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға – 378,8 теңге, ал ең жоғарысы – 379,75 теңге болған. Сауда көлемі 28,8 млн долларға жетті. Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 379,63 теңгені, күндізгі сессияда 379,58 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 379,59 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі – 91,538 млн доллар.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз