ҚАРТТАР ҚУАНҒАН КҮН

Үлкенді сыйлап үйренген жастарымыздың облыстық қарттар мен мүгедектер үйіне жиі келетіні, бізді ұмытпайтыны қуантады. Күні кешегі Құрбан айт мерекесінде «Сарықамыс» шағын ауданындағы №33 орта мектептің бір топ оқушысы келіп, осындағы 104 қартқа сый-сияпат жасады. Әннен шашу шашып, көңілдерін көтерді.

 

Мектептің қайырымды да, өнерлі шәкірттеріне дән риза болған үлкендер атынан қарттар үйі тұрғыны Амангелді Ақбердіұлы мен кадр бөлімі басшысы Марина Зайрова сөз алды. Олар жас өнерпаздарды бастап келген мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күміс Үктібаеваға, мектеп директоры Жеміс Бапаеваға көптен-көп алғыс айтты.

 

Кенже ӘБІЛҒАЗИЕВ,

қарттар үйі тұрғыны,

Атырау қаласы. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз