Қара жолдағы қаза

Жаңалықтар

Құлсары мен Теңіз кен орны аралығында жол-көлік апаты болды. Оның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

  «Жол-көлік оқиғасы аталған жолдың 75-ші шақырымында орын алды. Chevrolet маркалы көліктің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-21901 көлігіне соғылды. Оның салдарынан ВАЗ көлігінің 34 жастағы жүргізушісі мен көлікте болған екі жолаушы ажал құшты. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған