Қараңғы терезеден қауіп бар

  Жаз мезгілінде терезесін көлегейлейтіндерге талап күшейді. Атырау қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметкерлері күн сайын терезелерін қараңғылаған 20-ға жуық автокөлікті анықтауда. Осы бағытта арнайы рейдтік шаралар жүргізіліп, заңсыздықтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, заңсыздық әлі тыйылмауда. Жол-патрулдік полиция жыл басынан бері осы себептен 347 автокөлікті тоқтатып, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Хаттама толтырылып, тәртіп бұзғандарға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 10 605 теңге айыппұл салынды. Техниканы түрлі түсті пленка, жасанды жабындылармен жабыстырудың кесірі көп. Бастысы, ол жүргізушінің жол бойындағы жағдайды көру мүмкіндігін шектейді. Ал, оның соңы түрлі қайғылы оқиғаларға ұшырататыны белгілі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз