«ҚАРА АЛТЫН» ҚОРЫ АРТПАҚ

Аймақтағы бірқатар кен орындарында өңдеу жұмыстарын жүргізіп жүрген «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшылары биыл 150 шаршы шақырым жерге сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиевтың айтуынша,бұл жұмыстарға ағымдағы жылы 659 млн. теңге жұмсалады. Ал, 2016 жылы сейсмобарлау  жұмыстарының көлемі артып, 500 шақырым деңгейге жетеді.

Әлемдік нарықта мұнай бағасының ауытқып тұрғанына қарамастан, «Ембімұнайгаз» АҚ іздеу-барлау жұмыстарына ерекше маңыз беріп отыр. Биыл тереңдігі 10 700 метр болатын бес ұңғыма бұрғыланады. Бұған 3 998,5 млн. теңге бөлінді. Келесі жылы  барлау-бұрғылау жұмыстарының көлемі артады. Тереңдігі 24 110 метр болатын 14 ұңғыманы бұрғылау жоспарланған. Сөйтіп, ембілік мұнайшылар 2015-2016 жылдары аралығында өндірілетін «қара алтын» қоры 5 млн. тоннаға артады деп болжауда.

                        Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз