«ҚАМҚОРЛЫҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА

Балалардың орта біліммен толық қамтылуына жағдай жасап, әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларға қол ұшын беру мақсатында қаңтар-ақпан айы аралығында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды.

 

Бұл шарадан  Жаңаталап селосындағы Жамбыл атындағы орта мектептің ұстаздары да тыс қалмады. Қаңтар айында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық жәшігі» қойылды. Оған мектеп оқушылары ізгілік шараларынан түскен қаржыны жинады. Мәселен, мектебіміздің әлеуметтік педагогы Б.Үсенова мен аға тәлімгер Н.Шарагузованың ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық жәрмеңкесінде 8-10 сынып оқушылары қолөнер бұйымдарымен қатар, өздері пісіріп әкелген тәтті тоқаштар мен бәліштерді сатып, түскен қаржының барлығын осы қайырымдылық жәшігіне салды. Ал, ақпанның бесі күні акцияны қорытындылау мақсатында жиналған қаржыға қамқорлықты қажет ететін балаларға оқу құралдары алынса, ауылдың жеке кәсіпкерлері де демеушілік көрсетіп, он оқушыны киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Айнұр ДҮЙСЕН, Жамбыл атындағы орта мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз