ҚАЙДА? ҚАШАН? НЕ БОЛАДЫ?

Бүгін, 21 мамыр күні сағат 19.00-де Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында Т.Нұрмағанбетовтың «Түнгі қонақ» драмасы қойылады. 

* * *

22-23 мамыр күндері Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мекес Төрешов атындағы «Көрінген сонадайдан Нарын еді…» атты республикалық дәстүрлі ән байқауы өтеді. Басталу уақыты — сағат 10.00. 

26 мамыр күні сағат 19.00-де Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында ағылшын драматургі Рэй Кунидің «Нөмір 13» комедиясы алғаш рет сахналанады.

Күлкі мен шытырман оқиғаға толы спектакльді көруге асығыңыздар! 

* * *

Сондай-ақ, аталған театр ұжымы  қазақ эстрадасының жұлдызы «МузАРТ» тобының ән кешіне шақырады. Бүкіл қазақстандықтардың сүйікті ән тобына айналған өнер ұжымы 27-29 мамыр күндері аралығында сағат 19.00 және 21.00-де атыраулықтарға тамаша кеш сыйламақ.

 

Дайындаған Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз