ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ

Кеше Махамбет атындағы қазақ драма театрында «Ынтымақ пен бірлік — Мәңгілік ел тұғыры» атты қала мен аудандардың мәдениет күндері аясында Құрманғазы ауданының өнерпаздары сахна төріне шықты.

Алдымен, ауылдың өркендеуін жан-жақты көрсету, ұлттық құндылықтарды, отандық өндірісті дәріптеу мақсатындағы көрме атыраулық жұртшылыққа таныстырылды. Сондай-ақ, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптары мен шығармаларының көрмесі де орын тапқан. Мұнда Ұлы Жеңістің – 70 жылдығын насихаттайтын, Қазақстан халқы Ассамблеясының және  Конституцияның 20 жылдықтары аясындағы елдегі береке-бірлікті, ұлтаралық татулықты, тәуелсіздігімізді, шетелдермен қарым-қатынасымызды баян ететін материалдар да топтастырылған.

Өнер фестивалі кеші С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған ұлт-аспаптар оркестрінің орындауындағы Құрманғазының «Адай» күйімен ашылды, патриоттық рухтағы әндер шырқалды, ал мың бұралған бишілер  ұлттық билерді көрермен назарына ұсынды.

(Фестиваль жөніндегі толық ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.)

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз