
«JAIDARMAN»: «Мектеп» лигасының финалдық кезеңі өтті
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақсұңқар» қоғамдық қоры облыс жастары арасында Көңілді тапқырлар клубы қозғалысын дамыту мақсатында «JAIDARMAN» жобасын жүзеге асыруда.
«JAIDARMAN» жобасы — мектеп оқушылары мен жасөспірімдер үшін ерекше маңызға ие. Жоба жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейтуге, сөйлеу мәдениеті мен көпшілік алдында еркін ой қорытып жеткізе білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазылар алқасының құрамына республикалық «Жайдарман» байқауының жартылай финалисі, «Қарабау» құрамасының капитаны Әлішер Берікұлы, ММА-дан халықаралық «Найза» лигасының жеңімпазы Еламан Саясатов, облыстық ішкі саясат басқармасының жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы Айдар Жален, «Жерұйық» командасының ойыншысы Шыңғыс Рахмашев, «Орта» жастар жобасының жетекшісі Әділет Сәбитов енді.

Биылғы аталмыш жоба аясында өңір мектептері арасында арнайы «Мектеп» лигасы құрылып, оның ойындары 2025 жылғы қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында өтуде. 10–12 қазан күндері облыстық «Мектеп» лигасының 1/8 финалдық ойындары өтті. Сайыстың негізгі кезеңі – «Сәлемдесу» сайысында жалпы 16 команда өзара бақ сынасты. Ойын нәтижесінде үздік ұпай жинаған құрамалар келесі 1/4 финалдық кезеңге жолдама алды.

Ойын қорытындысы бойынша «Планета», «Тайманов бұзықтары», «Диета КZ», «Silk Way» құрамалары төмен ұпай санына байланысты келесі кезеңге өте алмады.
Дәулетқали АРУЕВ


