Исатай батырдың 230 жылдық мерейтойы өтті

whatsapp image 2021 10 15 at 12.04.53 Жаңалықтар

Исатай ауданында Халық батыры Исатай Тайманұлының 230 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.
Шараны сөз сөйлеп ашқан Исатай ауданының әкімі П.Хасанов қатысушыларды Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген батыр бабамыздың 230 жылдығымен құттықтады.

Исатай Тайманұлы хандық билік үшін емес, қарапайым қазақ шаруаларының мүддесін қорғады.
Ұлыларымызды ұлықтау біздің басты борышымыз. Бүгінгі өткелі отырған конференцияда соның бір айғағы. Батыр бабамызды жаңа қырынан танып, оны әлі де болса зерттеу қажет етеді, – деді ол.


Қонақтар батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, И.Тайманұлы атындағы аудандық музей көрмесін тамашалаған соң, шара «Ел теңдігін аңсаған – Исатай батыр» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Лесқали Бердіғожин, тарихшы, исатайтанушы ғалым, профессор Амангелді Шамғонов, профессор, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет баяндама жасап, халық батыры жайында тың деректермен бөлісті. Шара қонақтары атынан Ақтөбе облысы, Қобда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабылов батыр мерейтойының Қобда ауданында жалғасатынын жеткізді.

whatsapp image 2021 10 15 at 12.04.54

Жарыссөзде тарихшы, батыр мұрасын жасақтау комиссиясының мүшесі Ерболат Насимуллин Исатай Тайманұлының суреті нақтыланса деген пікірін айтса, қобдалық исатайтанушы Жауғашты Жұмағалиев өр бабаның ерлік ісін кейінге насихаттау бағытындағы жұмыстарды әлі де жандандыру қажеттігін жеткізді.
Конференциядан соң аудандық «Жалын» мәдениет үйі ұжымы ұйымдастырған «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» қойылымы мен мерекелік концерт ұсынылды.

whatsapp image 2021 10 15 at 12.04.55 1
whatsapp image 2021 10 15 at 12.04.55

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз