brodude.ru 28.01.2020 rsoptrc8jusm9

Instagram желісіндегі ақылы гив ойындары неге әкеліп соқтырады?

Жаңалықтар СарапTime Қоғам
10 / 100

Технология қарыштап дамып жатқан заманда оның қолданыс аясы кеңейе беретініне еш шүбә жоқ. Тіпті, карантин жағдайында онлайн тұрмысқа бейімделіп, өмірдің басқа арнаға ауып бара жатқанын көзіміз көріп те жүр. Десек те, әлеуметтік желі тек ақпараттық құралға ғана емес, алаяқтықтың да ұясына айналып барады, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Бұған дәлел – былтыр ғана Instagram желісі арқылы ақылы гив (giveaway – ұтыс ойындары) ойнатып, басы дауға қалған бір топ әншілер.

Көптің үстінен күн көру

Елге əн айтып танылған Айгүл Иманбаева, Бүркіт пен Аиша, Ақбота Керімбекова, Нұрлан Еспанов сынды əлеуметтік желі «жұлдыздарының» есімдері осы дауда ерекше аталып, əнші Ернар Айдардың істі бола жаздағанын да естіп-білдік. Сол оқиғадан кейін заңсыз ұтыс ойындарын ұйымдастырғаны үшін салынатын айыппұл көлемі артып, алаяқтардың заңды жазасын алатынын республика мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ескерткен еді. Оған қарап жатқан ешкім жоқ, Instagram əлеуметтік желісінде «гив» байқауын ойнатушылардың саны көбейіп, едəуір қарқын алды. Қымбат автокөлік, соңғы үлгідегі смарт телефон, қаланың орталығынан кең бөлмелі пəтер секілді бағалы сыйлық тіккендердің санында есеп жоқ. «Бұл əн бұрынғы əннен өзгерек» демекші, тек ұтыс ойындарын өткізу тəртібі де, талабы да басқаша сипат алған.

Ұйымдастырушылардың с ө з і н ш е , ұ т ы с қ а қ а т ы с у тегін, бар болғаны байқауды ұйымдастырушының Instagram парақшасындағы «достарына» тіркеліп, бірнеше досыңызды желідегі пікірге белгілеп кету керек екен. Мысалы, Атырау облысында əлеуметтік желіде 500 мыңға жуық оқырманы бар Нұртілек есімді танымал асаба қымбат көліктер мен сыйлықтарды гив арқылы біраздан бері ойнатып келеді. Оның Instagram əлеуметтік желісіне салған бейнеүзігіндегі пікіріне сүйенсек, байқаулары əділ, шынайы өтетін көрінеді. Желідегі осындай атаулы байқаулардың мақсатын жіті анықтау үшін, Instagramда «гив» ұйымдастырып жүрген атыраулық менеджер Гүлсая Əдебиетқызының пікірін де сұрағанбыз.

– Г и в к е а д а м д а р ө з парақшасын дамыту, оқырман санын көбейту үшін, кейбірі бизнесін алға жылжыту үшін демеуші болады. Мен тек ұйымдастырушы мен демеушінің арасындағы байланысқа жауап беремін. Қаражат жағынан өзіме өте пайдалы, ал халыққа қандай зияны барынан хабарым жоқ. Менің талабым бойынша, байқауға демеуші болу 8 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл – нақты баға емес, демеуші болуға бұдан да көп қаражат ұсынатындар бар. Көбіне демеушілер саны 100, не одан да көп болуы мүмкін, – дейді Гүлсая.

Зая кеткен уақыт

Бір қарағанда, ешкімге зияны жоқ, əлеуметтік желі арқылы жүргізілетін ойындар адамды арзан дүниеге құмарлыққа, тіпті психологиялық күйзеліске ұ р ы н д ы р а д ы . Ə л еум е т т і к желідегі байқаулардың бір емес, бірнешеуіне Мейірбек есімді студент те қатысқан екен.

– Гив секілді байқаулардың ешқандай пайдасы жоқ, уақытым зая кетті. Сол үшін көңіл-күйім түскен сəттер де болды. Бір қызығы, бір рет жолың болмай қалса, тағы да қатысқың келіп тұрады. Лотореялық ойын болып есептелмегендіктен, гивті ұйымдастырушылар заңмен жазаланбайды. Сол себепті, əлеуметтік желіде пайдасыз байқаулар көбейіп кетті. Кейде ұйымдастырушы мен сыйлықты жеңіп алған адам өзара мəмілеге келіп, байқау əділ өткендей сыңай танытуы мүмкін. Бұл жерде əр адамның сана-сезіміне байланысты, – деді ол.

 Мұны соңғы кезде жоғары білікті дəрігерлер де жиі ескертіп жүр. Бұл туралы кəсіби психолог Дəулет Өскенбаевтан да сыр тартып көрдік. – Тегін жатқан ешқандай дүние жоқ. Бұл жерде пайда көздеген топтардың мүддесі тұр. «Оңай олжаға кенелту», «жоқ нəрсені көзге елестету» тəсілдерінің бəрі – психологиялық манипуляция. Оны арнайы курстар арқылы да əбден үйреніп алуға болады. Тіпті, екі адам бір нəрсеге бəстесіп қалса, ұтылған адамның көңілі пəс тартады ғой. Ал, жаңағы ойындарға мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар қатысып, нəтижесін тағатсыздана күтеді. Жеңілген сайын психологиялық соққы алып жатыр. «Жеңілген күреске тоймайды» демекші, тобырлық с анаға ерген адамдардың арқасында а лаяқт ар оңай ақша жасап, пайдаға кенеліп отыр. Себебі, біздің санамызда ақшаға деген көзқарасымыз тұрпайы.

Ең басты құндылық – адам емес, ақша деп ұғынатын болдық. Осындай гивтерді, өтірік психологиялық курстарды ұйымдастыратындардың көздеген мақсаты – адамның қалтасындағы ақшасы ғана. Сосын оқыған, сауатты, шынайы жұмыс істейтін адамның 24 сағат бойы əлеуметтік желіде отыратын уақыты болмайды. Сондықтан, бос тірлікпен айналысқанша, спортпен шұғылдануға, пайдалы кітаптарды оқуға кеңес беремін, – дейді Д.Өскенбаев.

ТҮЙІН:

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев халыққа Жолдауында: «Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгертуі керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройлы емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн. Өкінішке қарай, жастарымыз әп-сәтте байып кеткісі келеді. Олардың лотореяға, бәс тігуге және букмекер агенттіктеріне жаппай әуестігінің себебі осында» деп, мәселенің себеп-салдарына тоқталып өтті. Бұған бақсақ, адамның еңбекке деген көзқарасы түзелмей, арзанға құмартудан құтылу қиын. «Кедей бай болсам, бай құдай болсам» деген ашкөз құлқын жиған-тергенін алаяқтарға теп-тегін ұстатып жібереді, яғни жем қылады. Басқа формула жоқ бұл жерде. Егер тез тыйылмасақ, данышпан Абай айтпақшы, «басында ми жоқ, өзінде ой жоқ» бұзылған қоғамның кебін киюіміз әбден мүмкін.

P.S.

2016 жылы лоторея тәрізді құмар ойындарға тыйым салатын заң қабылданды. Ал, енді гив секілді лотореяға жатпайтын, бірақ адам санасын улайтын алаяқтық әрекеттерге қатысты да заңның қажеттігі туындап тұр. Себебі, «аңқау елге арамза молда» көбейді. Содан сақ болған жөн.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ

ГИВ – INSTAGRAM ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕ КЕҢ ТАНЫМАЛ БАЙҚАУДЫҢ БІР ТҮРІ. GIVE, GIVE AWAY – АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН АУДАРҒАНДА «ҮЛЕСТІРУ», «ТАРАТУ» ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІ ҚОЛДАНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫН ҚҰНДЫ ДҮНИЕЛЕРГЕ АУДАРА ОТЫРЫП, ОЛАРДЫ ӨЗГЕ АДАМДАРДЫҢ ПАРАҚШАСЫНА ҚОСЫЛУҒА, ЖАРНАМАЛАУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ИТЕРМЕЛЕЙДІ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған