Инфекция аудандарға таралуда: Атырауда төрт бала коронавирусқа шалдықты

10 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/23 мамыр, 2020 жыл. «Атырау облысында коронавирус анықталғандар саны 857 адамға жетті» деп хабарлайды Шұғыл штаб.

Соңғы екі тәулікте қауіпті инфекция  41 адамнан табылды. Науқастардың арасында балалар бар. Мақат ауданында коронавирус 11 жастағы баладан, 4 және 9 жастағы қыз баладан табылды. Жылыой ауданында 7 жастағы қыз бала жұқпалы індетке шалдықты. 

Қатерлі дерт егде жастағы төрт әйел адамнан анықталды. Мәселен, инфекция Исатай ауданындағы 62 жастағы әйел адамнан, Мақат ауданының  57 және 62 жастағы тұрғындарынан, Жылыой ауданындағы 70 жастағы әйел адамнан расталып отыр.

 Айта кетелік, Исатай ауданы Атырау облысындағы коронавирус инфекциясының жаңа ошағы болып отыр. Қауіпті індет Махамбет, Индер, Құрманғазы және Жылыой аудандарынан тіркелуде.  

Бүгінгі таңда КВИ инфекциясы анықталғандар саны 857 адамға жетіп отыр. Сауығып шыққан саны — 207.   

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз