Жарнама
Жаңалықтар

Индерлік ардагер ұстаз министрліктің «Алғыс хатымен» марапатталды

Ұстаздар күні қарсаңында еліміздің білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар мен педагогтар ерекше құрметке ие болды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесін дамытуға айрықша үлес қосқан ұстаздарға арнайы марапат табыстады.

72456cde c0d0 4860 be7d e840bcf157ee

Солардың қатарында Индер ауданының ардагер ұстазы Гүлнәр Хамзина бар. Ол ұзақ жылдар бойы жас ұрпақты тәрбиелеу мен сапалы білім беру ісінде табанды еңбек етіп, бірнеше буын шәкірт тәрбиеледі.

Гүлнәр Хамзина ұстаздық жолында 40 жылға жуық уақыт бойы адал қызмет атқарып, шәкірттерінің жүрегіне ізгілік пен білімнің шырағын жақты. Оның тәлімін көрген түлектердің арасында бүгінде әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтар аз емес. Солардың бірі – бүгінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінде бас сарапшы қызметін атқарып жүрген шәкірті Эльмира Тұңғатарова.

«Ұлы Абайдың “Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болады” деген сөзі бар. Бұл нақыл сөзді Гүлнәр Хамзинаның еңбегіне арнауға болады. Ол өз шәкірттеріне тек білім ғана емес, адамгершілік пен парасаттылықты да сіңіре білді», – дейді әріптестері.

Айта кетейік, ардагер ұстазға министрліктің «Алғыс хаты» еліміздің білім беру жүйесін дамытуға қосқан еңбегі мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі үлесі үшін берілді.

Бұл марапат – ұстаз еңбегіне көрсетілген құрмет қана емес, сондай-ақ кейінгі буын педагогтарға да үлгі боларлық өнеге.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button