Жарнама
Жаңалықтар

Индерде жаңа мектеп жапсаржайының құрылысы жалғасуда

Индер ауданының Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы мектепке салынып жатқан 120 орындық жапсаржай құрылысы қарқынды жүргізілуде, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған нысанның бас мердігері – «Градстройсервис» ЖШС. Авторлық қадағалауды «General Project & Construction» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС жүзеге асыруда.

–Жоба бойынша жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында басталған. Кейін жобалық-сметалық құжаттамаға нақтылау және түзетулер енгізу қажеттілігі туындап, ол қайта қаралды. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстары 2024 жылы қайта жалғасты.
Қазір нысанда құрылыс жұмыстары бірқалыпты жүріп жатыр, — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Құрылыс нысанына арнайы барған басқарма басшысы мердігер мекемеге жұмыстың сапасын бақылауда ұстау және бекітілген кестеге сай мерзімінде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жобаны қайта қарау кезеңіне байланысты нысанның аяқталу мерзімі кейінге шегерілген. Жоспар бойынша мектеп жапсаржайының құрылысы 2026 жылдың бірінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button