Жарнама
Жаңалықтар

Индер ауданында жаңа мектеп жапсаржайының құрылысы жалғасуда

Индер ауданының Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы мектепке салынып жатқан 120 орындық жапсаржай құрылысы қарқынды жүргізілуде, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

b3ff188b 28a9 4793 a83b c171363316b0

Аталған нысанның бас мердігері – «Градстройсервис» ЖШС. Авторлық қадағалауды «General Project & Construction» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» ЖШС жүзеге асыруда.

b0b4ed03 968d 43d6 9f79 ada3d35df04d

— Жоба бойынша жұмыстар 2023 жылдың сәуір айында басталған. Кейін жобалық-сметалық құжаттамаға нақтылау және түзетулер енгізу қажеттілігі туындап, ол қайта қаралды. Сараптама қорытындысы алынғаннан кейін құрылыс жұмыстары 2024 жылы қайта жалғасты. Қазіргі таңда нысанда құрылыс жұмыстары бірқалыпты жүріп жатыр, — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Құрылыс нысанына арнайы барған басқарма басшысы мердігер мекемеге жұмыстың сапасын бақылауда ұстау және бекітілген кестеге сай мерзімінде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жобаны қайта қарау кезеңіне байланысты нысанның аяқталу мерзімі кейінге шегерілген. Жоспар бойынша мектеп жапсаржайының құрылысы 2026 жылдың бірінші тоқсанында толық аяқталады деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button