Индер ауданында тамыз мәслихаты өтті

522e8e2963a80 Жаңалықтар

Индер ауданында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбында білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Жаңа оқу жылындағы басты міндеттерді айқындаған алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова, құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов пен аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхамбетқали Алдерзин қатысты.

522e8e2963a80

Сонымен бірге, кеңесте ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, ардагер ұстаздар мен қоғамдық ұйым өкілдері де болды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Шакимов баяндағандай, 15 орта мектепте өткен оқу жылын аяқтаған 5388 оқушының білім сапасы 50,4 пайызды құрап отыр. Негізгі сыныптарды бітірген 467 оқушының 39-ы «Үздік аттестатқа», жаңа форматта ұйымдастырылған емтихан нәтижесінде жеті оқушы «Алтын белгі» белгіге және біреуі «Үздік аттестатқа» ие болды. Ал, Махамбет атындағы мектеп оқушысы Дильназ Борисова «Б.Нысанбаев атындағы жүлдеге» ие болды.

Диас АЙБАР.

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз