«Иман жастары» футбол жарысында жеңіске жетті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

IMG 20190408 WA0016 Жаңалықтар

Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. 7 сәуір – Дүниежүзілік  денсаулық күніне орай Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде үкімет емес ұйымдар мен ерікті жастар арасында кіші аяқ доптан спартакиада өткізілді. 

         Жалынды жастардың басын біріктірген спорттық шараға «Salem Atyrau», «Иман жастары» еріктілер тобы, «Логос-Атырау», «Жеті жарғы», «Рауан-Атырау», «Намыс», «Харакет» қоғамдық қорлары, «Жақсылыққа жаным жақын» қайырымдылық қоры және  облыстық ішкі саясат  басқармасы командалары қатысып, өзара ойын барысында сынға түсті.

IMG 20190408 WA0009
IMG 20190408 WA0008
IMG 20190408 WA0011
IMG 20190408 WA0010

         Тартысқа толы ойындар нәтижесінде  «Иманғали» орталық мешітінің жанынан құрылған  «Иман жастары» еріктілер тобы командасы ақтық ойында «Жеті жарғы» қоғамдық қоры командасын ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Ал, үшінші орын үшін болған бәсекеде «Намыс» қоғамдық қоры командасы «Рауан-Атырау» қоғамдық қоры командасынан басым болды.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

IMG 20190408 WA0012
IMG 20190408 WA0013
IMG 20190408 WA0018
IMG 20190408 WA0015
IMG 20190408 WA0019
IMG 20190408 WA0014
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз