Халықты қарыздан шығару үшін шұғыл шешім қабылданды

img 2578 Жаңалықтар

Облыстық қоғамдық-саяси «Atyraý» газетінің редакциясында бас қосқан Қазақстан Фермерлер қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Мұрат Сарманов осындай пікір білдірді.

– Соңғы мəлімдемеде халық көңілінен шығатындай, өте көп ұсыныс болды. Президент сөзінде: «жұмысымызды жаңаша əлеуметтік-экономикалық реформалардан бастаймыз» деді. Шынында, «əлеуметтік-экономикалық» деген термин көптен айтылмай қалып еді. Біз саяси-экономикалық реформа жолымен келе жатыр едік. Халық «əлеуметтік» дегеннен кейін өзіне арналғандай қабылдады. Мен халық арасында көп жүремін. Ал, мемлекет халықтан құралады. Халық үшін мемлекеттік басқару, мемлекеттік жүйе керек. Мемлекетіміз тəуелсіздік алғалы қуатты ел екенін, экономикалық даму жолын, қазба байлықтың иесі екенін əлемге дəлелдеді. Бұл – экономикалық жағдай. Саяси беделіміз де əлемдік кеңістікте өте жоғары. Бізде тұрақтылық, бізде құрылып жатқан саяси ұйымдар бар.

Елдің түрлі тақырыптағы саммиттерді, кез-келген форумдарды өткізуге мүмкіндігі болды. Əлемдік деңгейдегі ЭКСПО көрмесін де өткіздік. Сол үшін мақтанып, марқайып отырдық. Бірақ, мемлекет дамып келді де, ішкі экономика, яғни халықтың тұрмыс-халі оған сай келген жоқ. Тіпті, халықтың ЭКСПО-ны барып көруге қаржысы да болмады. Елордадағы ЭКСПО қалашығының маңы жарқырап тұрды, халықтың аула-шарбағы балшық болатын. Жұрт несие мен қарызға батты. Халықты тұрмыстың тауқыметі басты. Қалың бұқара осыдан соң мемлекеттік басқарудан кінə іздеді. Тұрмысына риза болмаған жұртшылықтың көңілінің кілтін мемлекеттік басқару жүйесі таба алмады. Əлеуметтік теңсіздік, қаңтардағы дүрбелең содан ушығып кетті. Президент Тоқаев осының барлығын бұрыннан байқап, топшылап та жүрген болуы керек. Қалың бұқараның көңілінен шығатындай мəлімдеме жасады. Халық бұдан зор үміт күтеді, – деді меценат «дөңгелек үстел» басында.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз