200410142649909e

Халықаралық ұйым: Вирусты саясиландыруды тоқтату керек!

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/10 сәуір, 2020 жыл. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ДДСҰ жұмысын қорғап, Covid-19-ды саясиландыруды тоқтату керек екенін айтты, деп жазады inform.kz ВВС -ге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, әсіресе, АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан агенттікке қарсы пікір жиі айтылып жүр. Сонымен қатар Трамп БҰҰ үшін америкалық қаржыландыруды тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Тедрос Адханом өз сөзінде вирусты саясиландыруды доғарып, әлем елдерін ынтымақтастық танытуға шақырды.

«Бұған дейін Трамп ДДСҰ әрекеттері Қытайды қолдауға бағытталғанын айтып мін тақты. Ал ДДСҰ басшысы ұйымның барлық ұлттарға жақын екенін жеткізді», – деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, сәрсенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ДДСҰ-на қаржыландыру көзін әкімшілік қайта қарастырып жатқанын, ұйым өз міндеттерін дұрыс орындауы керек екенін айтқан.

«Covid-19 алғаш рет Ухань қаласында пайда болды. ДДСҰ басшысы ұйымның Қытаймен вирус табиғатын түсіну үшін ғана тығыз байланыста болғанын хабарлады. Тедрос өз сөзінде мемлекеттер арасында бірлік болуы керектігін атап өтіп, Covid-ті саяси көзқараста пайдаланбауға шақырды», – деп жазады басылым.


Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған