Жарнама
Жаңалықтар

Ғылым – экономикалық өсімнің негізгі өзегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте айтқан «Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланысты, бұл – аксиома» деген сөзі – Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағытын айқындайтын стратегиялық ұстаным. Бұл ойдың түп-төркіні айқын: табиғи ресурстарға сүйеніп қана даму мүмкін емес, жаңа экономика тек ғылым мен білімге, жоғары технологияға негізделуі тиіс.

d5d7d9c1 1ba4 4d77 ab91 4d66d39f6208

Қазіргі әлемде ғылым – мемлекеттердің күш-қуатын анықтайтын басты фактор. Мәселен, Оңтүстік Корея, Израиль, Сингапур сияқты елдер табиғи байлыққа емес, адами капиталға, инновацияға арқа сүйеп, әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылды. Қазақстан үшін де дәл осындай үлгі өзекті. Өйткені, ғылым мен технологияға сүйенген экономика ғана тұрақты өсім береді, жаңа жұмыс орындарын ашады және халықтың тұрмыс сапасын арттырады.

Президент атап өткендей, жаһандық ахуал құбылмалы, бәсекелестік күшейіп келеді. Мұндай жағдайда ғылым мен инновацияға инвестиция салу – ұлттық қауіпсіздіктің де кепілі. Технологиялық тұрғыдан артта қалған мемлекет экономикалық тәуелсіздігін де, саяси дербестігін де сақтап қала алмайды. Сондықтан Қазақстан ғылымды дамытуға жүйелі түрде қаржы бөліп, зерттеушілердің әлеуетін ашуға тиіс. Әсіресе, жас ғалымдарға қолдау көрсетіп, оларға халықаралық деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беру маңызды.

Мемлекет басшысының соңғы айларда жүргізген келіссөздері де осы бағытты айқын көрсетіп отыр. Amazon, Meta, Wabtec, PepsiCo секілді алып корпорациялармен жасалған келісімдер Қазақстанға тек инвестиция ғана емес, жаңа технологиялар мен жаһандық нарықтарға жол ашады. Бұл – еліміздің инновациялық экожүйесін нығайтып, IT-саласын, цифрлық қызметтерді және жоғары технологиялық өндірістерді дамытудың нақты тетігі.

Президенттің «үш жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек» деген талабы – батыл әрі тарихи шешім. Бұл мақсатқа жету үшін жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу, цифрлық платформаларды дамыту, мемлекеттік қызмет пен бизнесті жаңа деңгейге көтеру қажет. Мұндай қадам елді тек аймақтық қана емес, жаһандық деңгейде де бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдырады.

Тағы бір маңызды мәселе – қоғамда ғылым бағыттарын жан-жақты қалыптастыру. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білім мен ғылымсыз қоғам ілгерілей алмайды. Сондықтан Қазақстанда ғылымды қолдау тек мемлекет міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ құндылығы болуы тиіс. Бұл бағытта мектептен бастап университетке дейінгі білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту, зерттеу орталықтарын халықаралық деңгейге шығару, ғалымдардың еңбегін лайықты бағалау қажет.

Түйіндеп айтқанда, Президенттің сөзі – жай ғана ұран емес, нақты әрекетке шақыру. Ендігі мәселе – осы міндетті іске асыруда бірізді саясат жүргізу. Егер ғылым мен технологияға басымдық берсек, Қазақстанды жаңа индустриялық дәуір күтіп тұр. Бұл – елдің болашағын айқындайтын тарихи бетбұрыс.

Қуантар ӘЛИХАНОВ,

Ph.D, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Пәнаралық ғылым орталығының директоры

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button