Головкин әлем чемпионы титулы үшін барлық талапқа келісті

1a143196d95cbbb00a22ee957eef43e0 XL Жаңалықтар

Atr.kz/14 тамыз, 2019 жыл.  Қазақстандық Геннадий Головкин IBF титулы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жектің барлық талабына келісті.

Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер хабарлады, деп жазады Vesti.kz. Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі трансляциялайды. Мәміле аяқталуға жақын қалды.

«GGG 5 қазанда MSG аренасында Деревянченкомен жекпе-жек өткізу үшін барлық талапқа келісті. Деревянченконың кеңесшілері Кит Коннолли және Эл Хэймон келісімшартқа әлі қол қоймады, бірақ ол жүзеге асса, Головкинге IBF титулын қайтаруға мүмкіндік туады», – деп жазды Коппинджер. 

Бұған дейін Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінің уақыты осы аптада мәлім болатыны хабарланған. Сондай-ақ украиналық спортшының гонорары да айтылды, бұл тек ол үшін емес, оның еліндегі боксшылары алмаған рекорд қаражат болайын деп тұр.

Еске салайық, 5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин арасында жекпе-жек тағайындады. Тараптарға келіссөз жүргізуге 30 күн берілді, ал олар сәтсіз болған жағдайда промоутерлік сауда-саттық тағайындай алады.

Дереккөз: 24.kz

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз