Жарнама
Жаңалықтар

Glam Bot — ЖИ дәуіріндегі жаңа толқын!

“Astana Media Week 2025” форумының алаңында ерекше технология көпшіліктің назарын аударды. Бұл – видеооператордың орнын басуға қабілетті Glam Bot атты интеллектуалды робот.

img 6168 1
Screenshot

Бұрын бейнеролик түсіру мен монтаждау үшін тұтас команда қажет болса, енді бұл жұмысты бір ғана робот орындай алады.

Glam Bot бейнені өзі түсіріп, автоматты түрде монтаждап, өңдеп, дайын өнімге айналдырады.

Медиатехнологияның жаңа бағыты саналатын бұл жүйе — ЖИ-дің шығармашылық индустрияға нақты енуінің айқын дәлелі.

Кадр артында енді оператор емес, ақылды алгоритм жұмыс істейді.

img 6162 1
Screenshot

Форумға қатысушылар роботтың жұмысына ерекше қызығушылық танытып, оның дәлдігі мен жылдамдығына таңданыстарын жасырмады.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай технологиялар болашақта журналистика мен продакшн саласында уақыт пен ресурсты үнемдеп, медианың жаңа форматын қалыптастырады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button