Гиннес рекордтар кітабына енген экстремал Атыраудағы велошеруге қатысады

WhatsApp Image 2018 04 17 at 18.03.52 Жаңалықтар

Есімі Гиннестің Рекордтар кітабына енген италиялық экстремал Атыраудағы велошеруге қатысады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-04-17 at 18.03.52

«Витторио Брумотти Астана туралы таңғажайып видеоға түскен соң Қазақстанда танымал болды. Онда экстремал ешқандай сақтандырусыз көпірге шыққан. Витторио Брумоттидің қатысуымен видео түсіру бастамасын Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ұсынды. Алдағы велошеруге Винокуров та, онымен бірге «Астана» велокомандасы, Атланта Олимпиадасының чемпионы Зульфия Забирова, Илья Ильин де қатысады. Велошеру соңында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт болады», – дейді «Атырау облысы спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қорының өкілі Таңат Нұршин.

Шара аясында қайырымдылық жәрмеңкесі және «Астана» велокомандасы лоттарының аукционы болады. Одан түскен қаражаттар Атырау облысындағы велоспорт мектебіне құрылғылар алуға жұмсалады. Нәтижесінде веломектепте 10-16 жас аралығындағы 80-ге жуық велосипедші оқуға мүмкіндік алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, велошеруді жыл сайынғы дәстүрге айналдыру жоспарланып отыр. Қашықтық 9 шақырымға созылады. Велошабандоздар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдындағы алаңнан бастап, Бейбарыс алаңында шеруді аяқтайды. Тіркеу таңғы 8:00-де басталады. Велошеруге мына сілтеме арқылы өтіп жазылуға болады.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз