Геннадий Головкиннің жекпе-жегі әлемдік бокстың үздік бестігіне енді

Жаңалықтар

Atr.kz/26 желтоқсан, 2019 жыл.   Бокс туралы жазатын көне басылымдардың бірі британдық Boxing News журналы 2019 жылы кәсіпқой бокстағы үздік жекпе-жектердің ондығын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бесінші орынға 5 қазанда Нью-Йорктағы Madison Square Garden аренасында IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуі үшін болған қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко арасында жекпе-жек жайғасты.

«Бұл кездесуде екі боксшының да қажыған және алаңдатқан сәттері болды, бірақ Нью-Йорк төрешілері бірауыздан Головкинге басымдық беріп, ол IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулын жеңіп алды», – делінген басылымда.

500 5de5054aea2fb

Толық ондық тізімі мынадай:

1. Наоя Иноуэ — Нонито Донейр

2. Джош Тейлор — Реджис Прогре

3. Энди Руис — Энтони Джошуа

4. Эррол Спенс — Шон Портер

5. Геннадий Головкин — Сергей Деревянченко

6. Хосе Рамирес — Морис Хукер

7. Стивен Уорд — Лиам Конрой

8. Артур Бетербиев — Александр Гвоздик

9. Джулиан Уильямс — Джарретт Херд

10. Роберт Таларек — Патрик Шимански.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз