Геннадий Головкиннің ендігі қарсыласы кім?

 Атырауға тұңғыш сапары барысында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, баспасөз-конференциясын өткізген аты аңызға айналған кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Ендігі жекпе-жегімді ағымдағы жылдың қыркүйек айында Лондон қаласында өткізу жоспарлануда. Әлі нақты уақыты мен орны белгіленген жоқ. Ал, қарсыласым — британдық кәсіпқой боксшы, WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы кіші Крис Юбенк болуы әбден ықтимал. Қазіргі таңда келісім-шарт жасақталуда, – деді қала қонағы.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз