maska dlya detei

ФАКТЧЕКИНГ: «Қорғаныс маскалары балаларға зиян» – ФЕЙК!

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Atr.kz/23 қазан, 2020 жыл. Бас санитарлық дәрігердің қоғамдық орындарда балаларға маска тағу талабы ата-аналар арасында дау тудырды. Олардың кейбіреулері мұндай жеке қорғаныс құралдары баланың денсаулығына теріс әсер етіп, иммунитетін әлсіретуі мүмкін деп қорқады. Мамандар бұл мәлімдемелерді жоққа шығарады.

Балалар денсаулығына арналған healthychildren.org порталында жарияланған мақалада мамандар маска тағудың салдарынан балалар асфиксиясы мен көмірқышқыл газымен улану жағдайларының болуы мүмкін еместігін түсіндірген. Бұл тұжырымдардың ғылыми негізі жоқ, дейді педиатр-дәрігер, Джонс Хопкинс университетінің профессоры Кимберли Дикенсон және Цинциннати балалар ауруханасының пульмонологиялық бөлімінің директоры Тереза Гилберт.

Фейк: Бес жасқа толмаған бала маска таққаннан тұншығып кетуі мүмкін

Шындық: Бес жасқа дейінгі балаларға маска тағу ұсынылмайды, бұл қауіпті болғандықтан емес, кішкентай балалар қолдарымен бетін жиі ұстайды және жеке қорғаныс затын дұрыс қолдана алмайды.

Бірақ ДДСҰ жаныңызда індетті жұқтырған адам болса немесе жағдайға байланысты бес жасқа дейінгі балаларға маска тағуға кеңес береді. Бұл жағдайда баланы ересек адам бақылауы керек.

Фейк: Маска таққанда балалардың тыныс алуы қиындайды

Шындық: Олай емес. Маскалар баланың тыныс алуына қажетті оттегі деңгейіне әсер етпейтін дем алатын материалдардан жасалады. Желіде бір немесе бірнеше маска тағып алып, қандағы оттегі деңгейін өлшеген адамдардың видеосы көп. Онда қарқынды физикалық жаттығулар кезінде де сатурация деңгейі өзгермейтіні айқын көрсетілен.

Фейк: маскалар көмірқышқыл газын ұстап қалады және улануға әкелуі мүмкін

Шындық: Дем алатын матаның арқасында маскалар көмірқышқыл газын ұстамайды. Сонымен қатар, ауа масканың айналасында еркін айналады, бұл қалыпты газ алмасуға ықпал етеді. Бұған денсаулығына еш зиян келтірместен күніне бірнеше сағат бойы бетперде тағып жүретін хирургтер Кимберли Дикенсон мен Тереза Гилберт мысал ретінде келтіріледі. Бұған дейін StopFakе.kz маскалар көмірқышқыл газымен улануға әкелуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Фейк: Маска баланың иммундық жүйесін әлсіретуі мүмкін

Шындық: бетперде тағудың иммундық жүйеге әсері туралы ешқандай ғылыми дәлел жоқ. Маскалар – бұл COVID-19 жұқтыру қаупін азайтуға көмектесетін алдын алу шарасы. Оларды қолдану бактериялар мен вирустарға қарсы иммунитетті төмендетпейді.

Фейк: Маска балалардың өкпесінің қалыпты дамуына кедергі жасайды

Шындық: Мамандардың айтуынша, маска тағу балалардың өкпесінің дамуына кедергі келтірмейді. Бұл ретте COVID-19 әлдеқайда қауіпті және өкпеге зиянды әсер етуі мүмкін.

Бұған дейін StopFakе.kz маскалар балаларда саңырауқұлақ инфекциясын тудыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

«stopcoronavirus.kz»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған