ФАКТчекинг: Қашықтан оқытудың созылатыны туралы ақпарат – жалған (+ВИДЕО)

imgpreview Білім

Atr.kz/21 қазан, 2020 жыл. ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлімдегендей,  «қашықтан оқыту форматын келесі жылдың қараша айына дейін ұзартады» деген ақпарат – жалған болып шықты.

– «Қашықтан оқыту 2020-2021 оқу жылының аяғына дейін болады, тіпті, келесі жылдың бірінші тоқсанына дейін ұзартылады». Осындай ақпарат желіде желдей есті. Бұл дегеніміз, балалар тек 2021 жылы қараша айында ғана мектепке барады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі әзірше екінші тоқсанның қандай форматта өтетіні де белгісіз.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер тиісті қаулысын қабылдауы тиіс. Сол кезде екінші тоқсанның форматы белгілі болады. Денсаулық министрлігінен ақпарат түскен бойда ата-аналар мен оқушыларға хабар беріледі.

Бірінші тоқсан 5 қарашада аяқталады. Бүгінде санитарлық дәрігерлердің талабына сәйкес, карантиндік шектеулерге байланысты оқушылардың басым бөлігі қашықтан оқып жүр. Ата-аналардың өтініші бойынша мектептерде кезекші сыныптар ашылған. Оған 1-4 сынып оқушылары бара алады. Бір сыныпта 15 баладан артық болмауы шарт.

Карантиндік шектеулер кезінде жұмыс пен оқудың форматын бас санитарлық дәрігер анықтайды. Сондықтан мектептердің жұмысы басқа нысандар сияқты санитарлық дәрігерлердің қаулысымен белгіленеді. Ал шешім қабылдағанда эпидемиологиялық жағдайға баса мән беріледі, – делінген хабарламада.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз