ФАКТЧЕКИНГ: Ескі құбырлар қайта қолданылмайды (+ВИДЕО)

image 2020 10 10 202354 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/10 қазан, 2020 жыл. Жуырда ғана әлеуметтік желіде «Нұрсая» ықшамауданындағы ескі құбырлардың қайтадан қолданылатыны жөнінде бейнежазба тарады. Бұл тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды. Осыған орай, біз мәселенің мәнісін білмек болып, Атырау қаласы әкімдігінің мамандарымен байланыстық.

– «Нұрсая» ықшамауданындағы №14 және №14 «а» үйлерінің ыстық су мен жылу құбырларына ағымдық жөндеу  жұмыстары  жүргізілуде. Ал, әлеуметтік желіде, соның ішінде «ватсап» қосымшасы арқылы таралған бейнежазбада көрсетілген ескі құбырлардың қайта қолданысқа енетіндігі – негізсіз әңгіме. Өйткені, бейнежазба тамыз айының соңында желілерді ауыстыру кезінде түсірілген, – деп түсіндірді аталған әкімдіктің баспасөз өкілі Назымгүл Қайсағалиева.

Қазір диаметрі 100 мм, ұзындығы 2400 метрді құрайтын ескі құбырларды жаңаға ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын. Оның сапасына мердігер мекеме болып табылатын «Индустрия-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты. Айта кетейік, сатып алынған құбырлардың арнайы сертификаты бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

https://www.youtube.com/watch?v=oGFAxUfJIkY
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз