Ескінің орнына – жаңа нысандар

WhatsApp Image 2018 11 21 at 15.37.45 Жаңалықтар

«Атырау қаласының ескі бөлігіндегі тұрғын үйлер бұзыла бастады. Осыған орай 110 тұрғынға қаржылай өтемақы берілді» деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-11-21 at 15.37.45

Бастапқы кезеңде Жарбосынов көшесінде орналасқан 14 үйді бұзу ұйғарылды. Сондай-ақ, 8 орталық көшеде орналасқан 110 үйдің иесі өтемақы алуға келісімін беріп отыр. «Бас жоспардағы тізім бойынша жалпы аумағы 18 гектар болатын 271 үй бұзылуы тиіс. Жұмыстарды аяқтау кезеңі үй иелеріне байланысты. Олар коммуналдық төлемдерді тезірек төлеп, өтемақы алуға келісім беруі немесе жаңа үйге көшуі керек. Жоспарға сәйкес қаланың ескі бөлігіндегі үйлерді бұзу жұмыстары алдағы жылдың наурыз айына дейін аяқталады» дейді «Бас жоспар орталығы» КММ басшысы Жұмабек Жұмағалиев.

Атырау қаласын дамытудың бас жоспары бойынша қала тұрғындарының саны 350 мың адамға дейін өсуіне болжам жасалып отыр. Сол кезде облыс орталығының аумағы үш есеге кеңейтіліп, 46 мың гектарды құрайды. Әлеуметтік инфрақұрылымдардың қалыпты жұмыс істеуі үшін 2030 жылға қарай қосымша 83 балабақша, 45 мектеп, 20 клиника, бес аурухана, алты  фитнес-орталық және үш мәдениет үйі салынбақ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз