ЕСКІ АҚШАДАН ҚҰТЫЛҒАНЫҢЫЗ ЖӨН

Биыл 31 қазанда Ұлттық Банк филиалдарында номиналы 1000 теңгелік 1994 жылғы және 2000 теңгелік 1996 жылғы үлгідегі банкноттарды қабылдау және оларды банкноттардың жаңа үлгілеріне айырбастау мерзімі аяқталады. Бұл туралы бізге аталған банктің Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің жетекші маман- экономисі Ғазиза Тарихова хабарлады.

Бас банкі басқармасының арнайы қаулысына сәйкес 2003 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары номиналы 1000 теңгелік (1994 жылғы) және 2000 теңгелік (1996 жылғы) банкноттарды жеке және заңды тұлғалардан қабылдауда. Олардың түпнұсқалылығы сараптамамен расталған жағдайда айналыстағы жаңа ақшаларға айырбасталады. Маманның пікірінше, бұл банкноттарды ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап Ұлттық Банктің филиалдары қабылдамайды. Сондықтан ескі банкноттарды ертерек ауыстырып үлгерейік.

А. САБЫРОВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз