Жарнама
Жаңалықтар

Ертең телерадио хабарлары уақытша тоқтатылады

«Қазтелерадио» АҚ ел бойынша телерадио хабарларын тарату сапасын арттыру мақсатында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Жұмыстар ертең, 16 қазанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Бұл туралы “Қазтелерадио” АҚ сайты мәлімдеді.

Осы уақыт аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфир желілерінің техникалық құралдарында сервистер жабылып, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналардың ретрансляциясы уақытша тоқтатылады.

Компанияның мәліметінше, мұндай жұмыстар тоқсан сайын өткізіледі және техникалық жүйелерді жаңғырту мен хабар тарату сапасын жақсарту үшін қажет. 

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Сурет: Turkystan.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button