«Ертемен келіп, дауыс бердім»

screenshot 4 10 Жаңалықтар

Кезектен тыс өтіп жатқан Президент сайлауында Атырау қаласы бойынша алғашқылардың бірі болып Николай Светлов дауыс берді.

–Мен қай сайлауда да осы учаскеде дауыс беретінмін. Бүгін де ертемен осында келіп, өз таңдауымды жасап тұрмын. Бүгінде жасым 66-да. Бұл іс-шараның маңыздылығын терең сезінемін, – деді тұрғын.

screenshot 5 8

Атырау қалалық №8 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мәншүк Закаринаның айтуынша, мұнда барлығы 1059 сайлаушы бар.

–Сайлау учаскесі бойынша ең қарт сайлаушының жасы – 94-те. Қазіргі сәтте саяси науқан барысын 5 байқаушы және 1 үміткердің сенім білдірген адамы қадағалап отыр, – деді төраға.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз