Жарнама
Жаңалықтар

Ерлігі оның мәңгі есте

Есімі тарихта қалған ел қорғаған баһадүрлердің бірі Ақпан батыр Келімбердіұлының ерлігін ұлықтау мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Ақпан батырдың қазақ тарихындағы орны» атты ғылыми-тәжірибелік тарихи-танымдық конференцияның пленарлық мәжілісі өтті.

Алқалы жиынды университет ректоры Саламат Идрисов ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Ол өз сөзінде батырлар есімін дәріптеу жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің, тарихи жадты жаңғыртудың маңызды бағыты екенін атап өтті.

batyr 2

Конференция барысында оқу орнының түлегі, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері Раукен Отыншин өзі түлеп ұшқан университеттің табысты дамып келе жатқанына қуанышын білдіріп, 85 жылдық мерейтойына орай Құттықтау хат пен естелік сыйлығын табыстады.

Пленарлық мәжілісте профессор Алтай Тайжанов «Батырлар және батырлық феномені» тақырыбында баяндама жасап, қазақ тарихындағы батырлық ұғымының мән-мағынасын талдап айтты. Профессор Ұзақбай Исмағұлов «Қазақ мемлекеттігі дамуындағы батырлардың тарихи орны» туралы ғылыми тұжырымдарын ұсынды. Сонымен қатар тарихшы-ғалым Самат Өтениязов пен Жамиға Таңатарова «Ақпан батырдың Қазақ мемлекетіндегі орны» жөнінде тың деректерге сүйенген мазмұнды баяндама оқыды.

batyr 3

Белгілі ғалым Лесқали Бердіғожин «Ақпан батыр туралы жаңа деректер» тақырыбында архивтік және шежірелік материалдарға негізделген зерттеу нәтижелерін ортаға салды. Конференция аясында белгілі мәдениет және ғылым қайраткерлері, өлкетанушылар мен жас зерттеушілер жарыс сөзге қатысып, өз пікірлерін білдірді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button