Жарнама
Жаңалықтар

Еріктілерге ерекше көңіл бөлінбек

Атырауда «Volunteer Awards – 2025» салтанатты іс-шарасы өтіп, өңірдің ең белсенді волонтерлері марапатталды. Олар облыстағы еріктілік қозғалысын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін құрметке ие болды.

Биыл облыста еріктілік қызметке шамамен 150-ге жуық күміс волонтер, 700-ге жуық жас волонтер, 50-ге жуық ұйым тартылған. Ең көбі Мақат, Қызылқоға аудандарында және Атырау қаласында тіркелген.

0bc94170 9a86 424f ae9f 96d0f1ae12e3

— 2021 жылдан бері өңірде «Demeý» облыстық байқауы өтуде. 2021–2025 жылдар аралығында үздік деп танылған 26 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. 2024–2025 жылдары «Біз таңдаған жол» жобасы аясында «Үздік күміс волонтер» байқауы ұйымдастырылып, оның қорытындысында 8 жоба жеңімпаз атанып, қаржыландырылды.
Биыл Атырау жастар ресурстық орталығы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасын өткізді. Онда алғаш рет «Волонтерлік» бағыты енгізіліп, 3 жоба әрқайсысы 1 млн. теңгеден грант ұтып алды. Болашақта гранттар саны артады. 2026 жыл Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды, — деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова.

800885c5 cf73 4b22 b39a 0df2a9e275b8

Келер жылдың Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялануына байланысты, басқарма еріктілерді қолдайтын жобаларды көбейтуді және бұл бағытқа айрықша назар аударылатынын айтты.

— Корпоративтік волонтерлікті дамыту жобасы аясында біздің «Жүректен жүрекке» қоры Жастар үйінде шағын жылыжай салды. Атырау перинаталдық орталығында шала туған және ерекше күтімді қажет ететін балалардың аналарына арналған «Ana Space» бөлмесін аштық. Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасында «Bala Space» коворкинг аймағын іске қостық. Біз үшін ең маңыздысы — әр жоба қоғамға нақты пайда әкеліп, өзгелерді де еріктілердіғ қатарына қосылуға шақыру, — деді «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының әлеуметтік жобалар координаторы Асылханым Ахмұрова.

2fbb68f3 17a1 4e9b ac94 4a36aea8c816

Тоғжан ЕРМЕК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button