whatsapp image 2021 05 14 at 13.00.11 1

Ерекше балалар ХАЛЫҚТАН ҚОЛДАУ КҮТЕДІ

Жаңалықтар Қоғам
51 / 100

­Өмірдің қатал заңы кейде он екі мүшесі сау адамдардың сағын сындырып, жігерін құм етіп жатады. Ал үміті алға жетелеген мүмкіндігі шектеулі жандар мұндай қиындықтарға мойынсұнғылары келмейді. Ерекше балаларды тәрбиелеуде де темірдей төзімділік, қайтпас рух қажет.

Арайлым Нұғыманова – ерекше баласын «ел қатарына қоссам» деп жүрген ананың бірі. Перзентін емдетемін деп бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Шетелге де шығуға тура келіпті. Дегенмен осы сапарларында қоғамның кемшін тұстарын да көп көрген. Содан да өңірде «Зейін Атырау» ерекше балаларды кешенді дамыту жəне оңалту орталығын ашуды ұйғарған. Дегенмен оның қызметін үйлестіру, орталыққа орын əзірлеу күрмеуі қиын мəселе болып отыр. Терезе бар, есік жоқ «Ерекше балаларға арналған о р т а л ы қ » қ а л а н ы ң « Н ұ р с а я » шағынауданындағы көп қабатты 2 үйдің жертөле қабатында орналасқан.

Нысан деген аты болмаса ол жұртта қалғандай қаңырап тұр. Терезелері мен сыртқы есігі жақында орнатылғаны байқалады. Дегенмен əлі 20-дан астам бөлмеаралық есік орнатылуы, едені төселуі керек екен. – Алғаш келіп көргенімде арманым аяқасты болғандай еді. Өйткені бұл жер мүлдем күтімсіз қалған. Есік-терезесі жоқ, ашық-тесік жатыр. Іші қоқысқа толы. Қазіргі күйі тазалап, біраз жөндеп қойғанымыз. Бүгінде осы орталықты ашуға жұмыстанып жатырмыз, – деді Арайлым Нұғыманова. Сұхбаттасушымыз аталған мекенжайды 10 жылға сенімгерлік басқаруға алған. Оның көлемі 706 шаршы метрді құрайды. Жетекші əзірге нысанның жартысы – 350 шаршы метрін болса да жөндеп алғысы келеді. Қазір соның өзіне қаражаты жетер емес. Ал келісімшартта көрсетілгендей орталықты ашуға аз уақыт қалған. Кейіпкердің бүгінгі кейпіне «қанатымен су сепкен қарлығаш па?» деп қаласың… – Ең алдымен «Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігін құрып, Атырауда инклюзивті қолдау сыныптарын ашуға кірістік. Одан соң «Зейін Атырау» ерекше балаларды кешенді дамыту жəне оңалту орталығын іске қостық. Орталықтың тарлығына, ата-аналардың сұранысына сəйкес көптеген балаларды қабылдай алмай отырғандықтан биыл көп қабатты үйдің жертөле қабатын сенімгерлік басқаруға алғанбыз. Бүгінде орталық «Глория» тұрғын үй кешенінде жұмыс жасауда. Ол орынды айына 400 мың теңгеге жалға алып отырмыз. Десек те балалардың көптігіне байланысты бізге кең жер қажет болды. Сол себепті осы жерді таңдаған едік. Жағдайды баяндап жауапты орындарға бірнеше мəрте хат жазып көмек сұрадық. Бірақ əлі күнге хал-ахуалымызды сұрап, ешкім есіктен қараған жоқ. Бүгінге дейін «Сбор-Қазақстан» атты қор халықтан 758000 теңге жинап берді. Соның есебінен терезелерді орнаттық. Ал сыртқы е сік «Спортландия» дүкені иелерінің демеушілігімен қондырылды. Еденді өзіміз ашқан қорға жиналған қаржыдан төседік, – деген кейіпкеріміз бар жағдайды баяндап берді. Жөндеу жұмыст арын отбасы мүшелері жасап жүр. Оның айтуынша құрылысшылар ол үшін көп қаржы сұраған. Осылайша жоқтан бар жасауға ұмтылған орталық жетекшісі қалың елден қолдау боларына сенеді. Кезекте 30 бала Бүгінде орталыққа 50-ге жуық бала келіп жүрсе, орын тапшылығынан 30 бала кезекте тұр. Ерекше балалар үшін əр сағат алтынмен тең екенін ескерсек, қаншасы ем-домсыз, дамыту сабақтарынсыз уақытын өткізуде. Себебі мұнда логопедтер, дефектологтар, емдік дене шынықтыру мамандары, АВА-терапевттер жұмыс істейді. Топтық сабақтар өтіп, мамандар балаларды мектепке дайындайды. Олардың ой өрісін, сөйлеу, өзін ұстауын дамытуға жəне балаларды əлеуметтік жағдайға бейімделуді үйретеді. Орталық психикалық даму қабілеті тежелген, аутизм белгілері бар, сал дертіне шалдыққан, Даун синдромы бар балаларды ақылы қабылдайды. Олардың арасында жеңілдікпен, отбасы жағдайына байланысты тегін келіп жүргендері де бар. Ашылғанына аз уақыт өткенімен осы аралықта 15-ке жуық баланың емі нəтижелі болып, мектеп, балабақшаға жолдама алған. – Біз негізгі екі бағыт бойынша жұмыс жасаймыз. Оның біріншісі – мектептерде инклюзивті қолдау сыныптарын ашамыз. Ол сыныптар ақысыз. Жергілікті білім беру бөлімі мектептен бөлме бөледі де біз соны жасақтаймыз.

Екінші бағыт – «Зейін Атырау» ерекше балаларды кешенді дамыту жəне оңалту орталығы. Біз мұнда балаларды балабақша мен мектепке дайындаймыз. Еңбегіміз нəтижесіз де емес. Əр баланы инклюзивті сыныптарға тьюторлар алып жүреді. Қасында сүйемелдейтін мамандар болады. Аталған сыныптар облыс орталығындағы №3, 24 мектептер мен Индер ауданының орталығында жұмыс істеуде. Биыл Мақат, Махамбет ауданынан дəл осындай сыныптар ашылмақшы. Атыраудағы М.Бекмұхамедов жəне Жамбыл атындағы №21 орта мектептерден де жұмысын бастайды, – деді Арайлым Нұғыманова.

Екінші бөлігі – ертеңгі іс

Кейіпкеріміздің қазіргі басты арманы – орталықтың тым болмағанда бір бөлігінің жөндеу жұмыстарын аяқтап, орталық етіп жасақтау.

– Жертөле қабаттың алғашқы бөлігі аяқталған соң орталықта 2-13 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балаларды дамыту, оңалту бағытында кешенді қызмет көрсетілетін болады. Ал екінші бөлігі ашылған сəтте ол жерде жоба аясында 13- 18 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдерді мамандыққа баулитын боламыз. Басты мақсат – оларды тігіншілік, аспаздық, қолөнер, фотограф, IT мамандықтарына бейімдеу арқылы кəсіпке үйрету. Ерекше балалар да ел қатарлы өмір сүріп, еңбек етуі керек. Ертеңгі күні есейгендерінде ешкімге алақан жаймай, қалыпты өмір сүрсе, өз-өздерін қамтамасыз етсе дейміз, – деді ол.

Ерекше балалармен кез-келген маманның жұмыс жасай алмайтыны белгілі. Ол үшін мұндағы 15 маман жыл сайын біліктіліктерін жетілдіріп келеді. Астанаға барып курстардан өтіп, Канада тəжірибесіне сүйеніп, онлайн білім алады. Балалардың ай сайынғы курс ақысы осындай мақсаттарға жұмсалады. Сенімгерлік басқаруға берілген ке л і с і м – ш а рт б о й ы н ш а ж ө н д еу жұмыстарын Арайлым өзі жүргізуі керек. Оны жүзеге асыруға ешкім де міндетті емес. Алайда, жертөле қ а б а т ы н ы ң с ы н к ө т е р м е й т і н і көпшіліктен көмек сұрауға мəжбүр етіп отыр. Бұл ерекше балалардың тағдырына қатысты ерекше мəселе болғандықтан, қол ұшын созатын жомарт жандардың табылатынына сенеміз. Ешкім баласының қандай жағдайда дүниеге келерін болжай алмайды, ал дүниеге келген соң қоғамдық қолдауына мұқтаж болады. Себебі олардың əлеміне арналған орта біздің арамызда əлі қалыптаса қойған жоқ. Сол ортаны жасаймын деп жанұшыра барын салып жүрген Арайлымдай қазақ қызына қолдау таныту азаматтық, сауапты іс болар еді. «Көмек қолын созамын» деген адамдарға редакциямызға хабарласуларына болады.

ТҮЙІН: Арайлымның арманының асқақ екенін жалындаған жүзіненақ аңғарылады. Оның мойнындағы жауапкершілік те жеңіл емес. Дені сау балаларын асырап бағуды қиынсынып жүргендерге қарап, Арайлым атан түйенің жүгін арқалап жүр ме дерсің. «Баламның мүмкіндігі шектеулі» деп мемлекетке міндет артпай, қолынан келгенінше ұрпағын аяққа тұрғызуға ұмтылуда. Оның артында да үміт артқан жүздеген ата-ана бар. Олай дейтініміз өңірімізде мұндай балалардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Арайлымның арманын орта жолда тастамай, асқақ етер адамдардың табылатыны анық. Себебі тамшыдай болсын көмектің өзі балалардың қалыптасуына септігін тигізетіні сөзсіз. Ал «көп түкірсе – көл болар»…

Мəлике ҚУАНЫШЕВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған