Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар назарына!

s1200 Жаңалықтар

Atr.kz/20 маусым, 2019 жыл. Атырау облысындағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңінде жұмысқа дайындық паспортын алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      2019 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментімен (әрі қарай – Департамент) энергия өндіруші және энергия таратушы ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен, Атырау облысындағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың 2019-2020 жж. күзгі-қысқы кезеңінде жұмысқа дайындық паспортын алу үшін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін нақтылау туралы кеңес өткізілді.

Департаментпен «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру» бір мемлекеттік қызмет атқарылады.

Департамент энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарының күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын алу Ережелерімен (әрі қарай – Ереже), «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызмет Стандартымен (әрі қарай – Стандарт), Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі  №281 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бекітілген бұйрығымен  «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызмет Регламентіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  • Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
  • 1)    күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;
  • 2)    барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспорттарын Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;
  • 3)    күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді.

–      Өтініштерді қабылдау:

1)    көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2)    «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді жыл сайын 15 тамыздан бастап  30 қыркүйектіқоса алғанда жүзеге асырады, жүйелік оператор үшін 25 қазандықоса алғанда жүзеге асырады.

               Айта кету керек, жыл сайын 1 тамыздан бастап. күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындық актісін дайындау үшін ұйымдар күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындықты бағалау жөніндегі комиссияға жұмыс жасауы және жұмыс істеуі керек.

  • Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)    көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күнішінде.

Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделгенқұжаттардың толық болмағанжәне (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

2)    көрсетілетін қызметті алушығақұжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;

3)    көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.

–      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

–      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: әзірлік паспорты, әзірлік паспорты ескертулермен, әзірлік паспортын беруден бас тартудағыдәлелді жауап.

–      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

–      Жұмыс кестесі:

1)    көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалысжәне мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

2)    порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

–      Көрсетілетін қызметті алушы (несенімхат бойынша оның өкілі) кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушілерге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардыңәзірлік паспортын алуға өтініші; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік актісі;

әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға арналған шарттарды орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі.

2)    порталға:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актінің электрондық көшірмесі;

әзірлік актіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға көрсетілген күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманыжүзеге асыратын сараптама ұйымының қорытындысы.

Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызмет берушілерге қолма-қол берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.

  • –      Көрсетілетін қызметті беруші мына негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бас тартады:
  • 1)    көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
  • 2)    көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтер Қағидада сәйкес емес кезде;
  • 3)    көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген Министрліктің басшысы атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығының 1414 және 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

  • Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

       Кеңес қорытындысы бойынша энергетикалық ұйымдардың өкілдеріне күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу туралы қағидалары және «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты                   100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызмет Стандарт талаптарын сақтау туралы ұсынымдар берілді.

  Ж. АЙТКАЗИЕВ,

Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің бөлім басшысы .                                                                                                

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз