Енді оқушыларға мектеп формасы мен азық-түлік беріле бастайды

1764022 Жаңалықтар

22 қаңтар, 2020 жыл. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына ақпан айының бірінші онкүндігінде кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен ауыл әкімдіктерінде 31 қаңтарға дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданады. Көмек ақпан айының басынан төлене бастайды.

Кепілдендірілген пакет атаулы әлеуметтік көмекке іліккен отбасылардың 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларына беріледі.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакетке не кіреді?

Азық-түлік жиынтығы

Ай сайын беріледі.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға

  • жеміс езбесі, гипоаллергенді
  • көкөніс езбесі, гипоаллергенді
  • балалар ботқасы, гипоаллергенді
  • жүгері жармасы
  • сұлы жармасы
  • балалар печеньесі
  • пастерленген балалар сүті

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға

  • пастерленген балалар сүті
  • қатты сұрыпты бидайдан жасалған макарон
  • сұлы жармасы
  • күнбағыс майы
  • гематоген
  • астық дақылдарынан жасалған сүтті түйіршектер
  • балалар печеньесі
  • арпа жармасы
  • қарақұмық жармасы
  • уатылған бұршақ
  • ұнтақ ботқасы
  • табиғи бал

Тұрмыстық химия тауарлары

Тоқсан сайын беріледі.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға

  • тіс пастасы
  • тіс щеткасы
  • сабын, гипоаллергенді
  • сусабын
  • крем
  • кір сабын
  • кір жуатын ұнтақ

Пакет отбасындағы әр балаға беріледі.

6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға

  • Мектепте күн сайын тегін ыстық тамақ
  • мектеп формасы (жылына бір рет)
  • оқу құралдары (жылына бір рет)
  • қалалық қоғамдық көлікте жол ақысының 50%-ін өтеу

Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға сертификаттарды оқу жылының басталуына дейін, тамыз айында беру жоспарланған.

Ұлдарға арналған мектеп формасының жиынтығына мыналар кіреді:

  • пиджак;
  • жилет;
  • шалбар;
  • мерекелік жейде;
  • күнделікті киюге арналған жейде;
  • трикотаж жилет.

Қыздарға:

  • пиджак;
  • жилет;
  • белдемше;
  • классикалық жейде;
  • трикотаж жилет;
  • сарафан.

Мектеп жабдықтарының жиынтығы

1-4 сынып оқушылары үшін:

  • рюкзак;
  • күнделік;
  • жай дәптер (20 дана);
  • қаламсауыт;
  • сурет салуға арналған альбом;
  • қаламсап (5 дана);
  • жай қарындаш (10 дана);
  • тыс (15 дана);
  • пластилин;
  • акварель бояуы;
  • сызғыш;
  • өшіргіш.

5-9 сыныпта оқитындар үшін:

  • рюкзак;
  • күнделік;
  • жай дәптер (20 дана);
  • қалың дәптер (10 дана);
  • қаламсауыт;
  • сурет салуға арналған альбом;
  • қаламсап (5 дана);
  • жай қарындаш (10 дана);
  • тыс (15 дана);
  • пластилин;
  • акварель бояуы;
  • сызғыш;
  • өшіргіш.

10-11 сынып оқушылары үшін:

  • рюкзак;
  • күнделік;
  • жай дәптер (20 дана);
  • қалың дәптер (10 дана);
  • циркуль;
  • қаламсауыт;
  • қаламсап (5 дана);
  • жай қарындаш (10 дана);
  • тыс (15 дана);
  • сызғыш;
  • өшіргіш.

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/mekteptegi-%d2%9bauipsizdik-o%d2%93an-kim-zhauapty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз