Жарнама
Жаңалықтар

Енді цифрлық деректерге құқықтық мәртебе беріледі

Қазақстанда жеке фотолар, әлеуметтік желідегі аккаунттар мен бағдарламалық кодтарға жеке меншік нысаны мәртебесін беру жоспарланып отыр. Мәжіліс онлайн кеңістікке құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат қабылданған жағдайда азаматтар өздерінің цифрлық деректерін рұқсатсыз пайдаланған адамдарды сотқа бере алады. Сондай-ақ цифрлық активтерді сату, мұраға қалдыру немесе басқа тұлғаға тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, жеке тұлғаны биометрия арқылы растау жүйесі жетілдірілмек. Енді азаматтар саусақ ізі, бет пішіні немесе дауыс үлгісі арқылы өз жеке басын дәлелдей алады. Бұл жаңашылдық жеке деректердің қауіпсіздігін күшейтуді көздейді.

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, бұл заң жобасы цифрлық кеңістіктегі құқықтық олқылықтарды жойып, азаматтардың жеке деректерін қорғауға бағытталған.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button