120579334 1200372267011921 8042603128214812637 n

Енді бюджеттің тиімді жұмсалуына кез келген тұрғын атсалыса алады

Жаңалықтар Саясат

Atr.kz/15 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласында «Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасы іске қосылды.

■ Қала тұрғындарының назарына! Атырау қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдер жинау жүргізілуде.

■ Кез-келген адам қалалық ортаны дамыту және жақсарту туралы өз идеясын ұсына алады.

■ Егер сіздің бастамаңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады.

■ Бір өтінім белгіленген 10 000 еселенген АЕК-тен аспауы тиіс.

■ Сіздің ұсыныстарыңызды 17 қазанға дейін күтеміз!

■ Қалалық «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жұмысшы орган қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі.

■ Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефондар: 8(7122) 32-01-16; 25-44-51:

■ Пилоттық жоба бойынша жауапты қызметкерлер:

1. Атырау қалалық әкімдігі, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы – Раушан Нұрышақызы Башанова, ұялы телефон: 8 702 796 25 24;2.

Атырау қалалық әкімдігі, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі- Бақтияр Жексенбайұлы Хамидуллаев, ұялы телефон: 8778 803 93 93:

■ Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу Атырау қаласы әкімдігінің ресми сайтында онлайн түрде өтеді:

https://www.gov.kz/meml…/entities/akimat-atyrau/bnu/154…

«Атырау қаласының әкімдігі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған