
Жаңалықтар
Елімізде Қазақстан есімді 28 адам бар
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде елімізде Қазақстан есімді 28 адам тіркелген. Олардың ішінде бір ғана әйел бар.
Жас ерекшелігіне тоқталсақ, ең қарт Қазақстан – 92 жаста, ал ең жасы – 25-тегі азамат.
Мамандардың айтуынша, Қазақстан есімі егемендік жылдарында елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухтың көрінісі ретінде қойылған. Бұл есім иелері еліміздің әр өңірінде тұрады.
Айта кетейік, соңғы жылдары азаматтар арасында елдік, рухани мәні бар ерекше есімдерге қызығушылық артып келеді.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Сурет: gov.kz



